Санатталмаған

БИЫЛ 1000-НАН АСТАМ ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАЙДЫ

AzatMedia. Шымкентте 39 259 азамат тұрғын үйге мұқтаж. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиналыста қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекция басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов айтты.

Ғ.Төлеповтың айтуынша, жыл соңында 450 көп балалы отбасы, 394 әлеуметтік жағынан осал топтағы азамат, 300 жас баспаналы болады.

Айтып өтейік, ағымдағы жылы «2-10-20» бағдарламасы бойынша 1047 аз қамтылған отбасы электронды түрде несие арқылы пәтер алуға өтінім берген. Қазіргі таңда құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ал «7-20-25» бағыты бойынша 219 азамат, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 73 азамат баспаналы болған.

Жыл соңына дейін «2-10-20», «7-20-25» бағдарламасымен бастапқы жарнаның бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджеттен ақша қаралып, сертификаттар беру жоспарланған.

Жалпы Шымкентте кезекте тұрғандар: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар – 1631, көпбалалы – 5188, әлеуметтік жағынан әлсіз топ – 12829, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 19585, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған – 26.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру