Санатталмаған

АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛІНГЕН 100-ДЕН АСА АВТОКӨЛІКТІ ТІРКЕГЕН

Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу бойынша Шымкент қаласы үздік үштікті аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған AzatMedia.

1 маусымнан бастап еліміздің барлық аймақтарында бір уақытта Армения мемлекетінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталды.

1 маусымынан бастап еліміздің барлық аймақтарында Армения мемлекетінен әкелінген автокөліктерді тіркеу жұмыстары басталды. Алғашқы он күнде Шымкент қаласы Полиция департаменті 110 автокөлікті тіркеген.

Атырау, Маңғыстау облыстарынан кейінгі үздік үштікті Шымкент қаласы аяқтап отыр. Аталмыш департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу ісіне қатысты жүргізушілерге тиісті кеңес беруде. Сондай-ақ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері армениялық нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерге жаднамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Автокөлікті 11 мың 946 теңге төлеп, 15-20 минуттың ішінде тіркеуге болады.
Тіркеу құнына:
– 695 теңге – тіркеу үшін алым;
– 3 773 теңге – көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж;
– 7 778 теңге – мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.
Шымкенттіктер Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркей алады. Тіркеу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру