Санатталмаған

Шымкент қаласындағы базар маңында жастар үшін «Кеңес орталығы» ашылды

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Айна базары маңында «Кеңес орталығы» консалтинг орталығы іске қосылды.

Шараның мақсаты – жастардың өзекті мәселелерін шешу, ақпараттық сүйемелдеу, тұрғын үй, жұмыспен қамту және тағы басқа мәселе бойынша консультациялық көмек көрсету.

Орталықта базар келушілері мен жұмыскерлері сала мамандарынан тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік, азаматтарды жұмыспен қамту, заң құқықтары, денсаулық сақтау мәселелері жөнінде тегін консультативті кеңестер мен медициналық көмек, қаладағы бос жұмыс орындары бойынша ақпарат ала алады.

Базардағы көп халық мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіндіктерді толық пайдаланбайтындықтан, хабарсыз десек болады. Міне сол мүмкіндіктерден хабар беру үшін, сұрақтарына жауап алу үшін орталық осы базардан ашылып жатыр. Бұдан бөлек «Кеңес орталығының» кеңесшісі күн сайын түрлі сала мамандарын осында шақырып, халыққа құқықтық кеңес беруді ұйымдастырмақ. Айта кететін болсақ, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қабылдаулар өткізетін болады. Сонымен қатар, кәсіби заңгер мен психолог маманы консультациялар жүргізеді. Бұл бағдарлама мемлекет беретін мүмкіндіктерді мүлт жібермеуге бағытталып отыр. Ал кейінгі күндері халықпен кері байланыс орнату үшін сауда орталығына прокуратура мен салық басқармасының мамандары шақырылмақ.

Бастама «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының «Jastar Otanga!» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылмақ.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру