Санатталмаған

ТҮЛКІБАС: КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

AzatMedia. Бүгін аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және аудан аумағындағы мекеме басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе бойынша мінбеге шыққан аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен өзінің жетекшілік ететін құрылыс, тұрғын үй комуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары салалары бойынша аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндап, өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Осыдай кецін, аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Тұрлыбеков аудан аумағында коронавирус індетін алдын алу мен таралуына жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан шараларды баяндап, облыстық бас санитарлық дәрігердің 6 маусымдағы №23 қаулысындағы өзгерістерді қамтып өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі, Марат Сүгірәліұлына ауыз су және құрылыс мәселелеріне қатысты жұмысты жандандыру қажеттігін ескеріп, нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, коронавирус індетін алдын алу мақсатында құрылған жұмысшы топ жетекшілеріне облыстық бас санитарлық дәрігердің №23 қаулысын іске асыру бойынша қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Төтенше шаралардын алдын алуға байланысты ауылдық округ пен кент әкімдеріне және жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, бекітілген мерзімінде іске асыруды тапсырды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру