Санатталмаған

51 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

AzatMedia. Еліміз бойынша «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс-шарасы ұйымдастырылуда.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нұсқамасына сәйкес, короновирус індетінің алдын алу және таралуына жол бермеуіне байланысты 2019-2020 оқу жылында Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты 51 жалпы білім беру ұйымдарында   соңғы қоңырау шарасы барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

Ісшара негізінен оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, білім құндылықтарын қалыптастыру, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау арқылы білімді ұлт идеясын насихаттау болып табылады.

11 жыл білім нәрімен сусындаған алтын ұясынан қанат қатайтып ұшу – әрбір түлектің өміріндегі ересек дербес өмірге қадам жасардағы маңызды оқиға. Өткізіліп отырған ісшара әрбір түлектің өмір бойына естелік болатынына және жадында сақталатындығына кәміл сенеміз. Әр түлектің бойында өзінің мектебіне деген мақтаныш және өзінің ұстаздарына деген алғыс сезімі болады.

Айта кетер болсақ, биылғы жылы ауданымызда 1154 оқушы 11-сыныпты бітірді. Оның 1036-ы алдағы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берді. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 89 пайызын құрайды. Мектеп бітірушілердің 76 «Алтын белгі» белгісін, 84 оқушы ерекше үлгідегі аттестат алды.

Мектеп бітіру кешіні барысында түлектер ағаш отырғызды.
Жолдарыңыз ашық,сапарларың сәтті болсын!

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру