Санатталмаған

ФЕРДАУСИ АУЫЛЫНДА 10 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Фердауси ауылында алғашқы 10 үйдің іргетасы қаланды. Жалпы бұл ауылда 150 үй бұзылып, 80 баспананың іргетасын қалауға дайындық жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 470 жұмысшы атсалысқан.
Бүгінде Фердауси ауылындағы 141 отбасының әрқайсысына үкімет резервінен бөлінетін 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни әр жанұяға 8,5 млн теңгесі аударылған. Қазір тұрғындар осы қаржыға үй салуға қажетті құрылыс заттарын сатып алып жатыр. Үйінің іргетасын қалағандардың қатарында Музафар Шарапов та бар.
«Үйімнің іргетасын көтеріп қойдым. Ақшамыз қолымызға тие сала құрылыс заттарын сатып алдым. Үкіметімізге, облыс, аудан басшыларына, бізге жауапты боп бекітілген Келес ауданының әкімдігіне алғысымыз шексіз», – дейді Музафар Шарапов.
Бүдан бөлек, мұнда үй аулаларын үйінділерден, күл-қоқыстардан тазарту, үй салынатын орындарды тазалау жұмыстарына өзбекстандық 100 адам мен 10-ға жуық арнайы техникасы, Келес ауданынан 30 адам, 6 техника жұмылдырылған. Бүгінге дейін ауылдағы 12 көшеден 180 тонна күл-қоқыс шығарылыпты.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру