Санатталмаған

ЕКІ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

AzatMedia. «Нәби» сауда орталығы және Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі арасында екі жақты түсіністік меморандумына қол қойылды.

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Мархабатұлының тарапынан аудан аумағында ӘМАТ тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмасына сәйкес, сауда объектілеріне бару және жоспардан тыс тексеру жүргізу жолымен бағаларды мемлекеттік бақылауды жүргізу құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімшені айқындау туралы аудан әкімінің өкімі бекітіліп, жұмысшы штаб құрылды.

Қазіргі таңда жұмысшы штаб тарапынан Республика аумағында пандемияға байланысты жарияланған карантим режимінде халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Нәтежиесінде тауар бағасын шекті мәнінен асырған 48 кәсіпкерге 48 нұсқама таратылып, 16 ескерту берілген.

Осы мақсатта, ағымдағы жылдың мамыр айының 29 жұлдызында аудан орталығында орналасқан «Нәби» сауда орталығына басшысымен Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі арасында тауар бағасын тұрақтандыру, санитарлық талаптарды қатаң сақтау бойынша екі жақты түсіністік меморандумына қол қойылды. Нәби сауда орталығының басшысы Нәбі Серік Қамысбекұлы қазіргі пандемияға байланысты жарияланған карантин режимінде халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 түрін төмен бағада сатуға дайын екенін айтты.

Серік Қамысбекұлының айтуынша, «Қазіргі экономикалық дағдарыс кезінде көптеген кәсіпорындар, кәсіпкерлік нысандардың жұмысы тоқтап қалды. Нәтежиесінде көп азаматтар жұмыссыз қалды. Осыған сәйкес аудан тұрғындарында қаржы көзі көп емес. Дәл осы сәтте халық қиналмау үшін көп тұтынатын тауарларды төмен бағада сатуға дайынмын, қажетті азық-түлік қорымен қамтамасыз ете аламын»-деп, қолдау көрсетті.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру