Санатталмаған

ҮШ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНУДА

AzatMedia. Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Жамбыл ауылына іс сапармен барып, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұржан Тынысбаевпен кездесіп, құрылысы жүргізіліп жатқан жылыжай жұмысымен танысты.
Жамбыл ауылының тұрғыны, «Бақыт-Ислам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Тынысбаев Нұржанға елді мекен шегінен өткен жылы жылыжай салу мақсатында 5 гектар жер берілген.

Соның 3 гектарына жылыжай салу үшін 2019 жылы ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 750 млн. теңге несие алып, күз мезгілінде құрылыс жұмыстарын бастаған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Осы жылдың тамыз айында толық аяқталып, арнайы ыдысқа отырғызылған қияр егілетін болады. Жылыжайдан жылына төрт рет өнім алуды жоспарлап отырған кәсіпкер Нұржан Тынысбаев ауданның 60-қа жуық адамын тұрақты жұмыспен қамтамассыз етпек. Сонымен қатар бұл жылыжайға жұмыс істеуге көрші ауылдан келетін азаматтарды да арнайы автобуспен тасымалдау жоспарлануда екен.


Сондай-ақ кәсіпкер аудан басшысына тамыз айында Жамбыл ауылындағы жылыжай аяқталғаннан кейін қосымша ауданымыздың басқа да елді мекендерінен жер алып, осы кәсіпті дамытып, жылыжай кешенін 80 гектарға дейін ұлғайту жөнінде жоспарымен бөлісті.
Аудан басшысы Ержігіт Шәріпбеков жеке кәсіпкер Нұржан Тынысбаевтың жоспарына барынша қолдау білдіретінін айтып, тиісті сала бойынша орынбасары мен бөлім басшыларына көмек беру жөнінде тапсырма берді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру