Санатталмаған

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ ЖАҚЫНЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ – БАСТЫ МІНДЕТ

AzatMedia. Түркістан облысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн-брифингте мәлімдеді.
«Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етуде.

Облыс аумағында да 300-ден аса адам ауырып, дәрігерлердің арқасында 180-ге жуық науқас дертінен жазылып отбасына оралды. Өкінішке қарай, COVID-19 инфекциясының барына күмән келтіретін адамдар көшеде қыдырып, туған-туысының үйіне барып жүр. Балалар бір-бірімен аулаларда бірге ойнап, бір-бірімен тығыз байланыста жүр.

Бұл дұрыс емес. Аталған вирус қазір облыс көлемінде, әр ауданда кеңінен тарап барады. Алдын алмасақ, салдары жаман болмақ. Балаларға жұққан ауру оның бойында білінбегенмен, үлкен қарияларға жұқса, оларға өте ауыр тиеді. Отбасымыздың, туған-туыстың, ата-анамыздың амандығын ойласақ әлі де карантин режимін сақтауымыз қажет. Карантин талаптарын сақтамағандарға айыппұл салынады. Құқық қорғау органдарына арнайы жиналыс жасап, тапсырдым. Заңға бағынбаған кәсіпкерлерге жаза қолдану керек», деді Ө. Шөкеев.

Атап өтейік, соңғы ақпаратқа сәйкес, облыста коронавирустық инфекцияның расталған 337 жағдай тіркелген. Оның ішінде 187 адам қазіргі таңда ауруынан айығып, үйлеріне оралды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру