Санатталмаған

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

AzatMedia. Мақтаарал ауданында бос жұмыс орындарының жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Шараның мақсаты- топан судан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына арналып Мырзакент кентінің шығыс жақ бетінде салынып жатқан жаңа шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысына қажетті жұмысшыларды тарту.

Дәл қазіргі таңда аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары 2 кент және 9 ауылдық округті аралап,тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынуда. Жылжымалы жәрмеңке барысында 32 мердігер мекемеге қажетті әр түрлі қызмет түрі ұсынылуда. Айта кетейік, жұмысшыларға жалақы келісім түрінде төленетін болады. Мәселен, қабырға өрудің бір шаршы метрі 7 мың теңге, шатыр жабу 1.5- 2 мың теңге арасында, сеймобелдеу құюдың шаршы метрі 1.5 мың теңге шамасында төленетін болады.

«Жылжымалы жәрмеңке алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады» дейді Мақтаарал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Жақсыбек Тоқбергенов.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру