Санатталмаған

КЕНТАУДА ПОЛИЭТИЛЕНДІ ҚҰБЫР ӨНДІРІЛЕ БАСТАДЫ

Түркістан облысы Кентау қаласында «АБН Альянс» ЖШС-ң полиэтиленді труба шығару цехі өз жұмысын бастады. Жобаның құны 600 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 1500 тонна труба шығаруға қауқарлы. Онда бүгінде 50 адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AzatMedia ақпараттық агенттігі.

Аталған цех қаладағы тоқтап тұрған бұрынғы «Бетонзавод» ғимаратын сатып алып, құрал-жабдықтар орнату жұмыстарын жүргізіп, жобаны іске қосқан. Алдағы уақытта аталған ғимараттың ішінде

«АБН Альянс» ЖШС радиатор шығару цехын іске қосу жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 1 млрд 200 млн. теңгені құрамақ. Мамандардың айтуынша, жоба толық іске асса, жылына 600 мың дана радиатор шығарылады деп күтілуде. Мұнда да 50 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Бұдан бөлек, өңірде мұнда темірбетон шығару цехын ашу жобасы көзделуде. Жобаның құны 200 млн теңге. Аталған кәсіпорында жылына 13500 мың дана темірбетон шығарылмақ.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру