Санатталмаған

13 КАНАЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

AzatMedia. Өздеріңізге белгілі Келес ауданы аграрлы аудан болып танылады. Аудан аумағында тұратын халықтың дені ауылшаруашылығы, яғни диқаншылықпен ұдайы айналасып келеді. Адамның өмір сүруіне тіршілік нәрі су қаншалықты маңызды болса, егінде өсіп жетілуге суды талап етеді.

Өңір аумағындағы каналдар мен қашыртқылардың дені Келес өзенінен тарайды. Сонымен қатар, көрші Өзбекстан Республикасымен қатар, Сарыағаш ауданынан келетін су жүйелері бар. Өткен жылы жалпы ұзындығы 120 шақырымды құрайтын 28 канал мен 10 қашыртқы су жүйелері ағымдағы жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сол ілкімді істер биылғы жылыда жалғасын тауып, өңір диқандарының сұранысы қанағаттандырылуда. Жалпы ұзындығы 68,6 шақырымды құрайтын 13 каналға механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес, ұзындығы 117,6 шақырымды құрайтын 24 канал және қашыртқыларды тазалау жұмыстары жүргізіліп, аудан аумағындағы егінді жерлерге баратын суды өз деңгейінде жеткізу көзделген.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру