Санатталмаған

БІЛІМ БӨЛІМІ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті ұстаздар, ата – аналар және оқушылар!
Бала әкеден – ақыл, анадан – мейір алып өседі. Қай ата – ана болмасын баласының тәрбиелі, білімді, мәдениетті болуын қалайды. Осы орайда, елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Ұлағатты ұстаздарымыз бен бірге аянбай еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеу жолында ауызбіршілік танытып аса жауапкершілікпен бірлесе жұмыс атқарған ата – аналарымызға алғысымды білдіремін.

Ауданымызда 60 білім беру ұйымдарында 22551 оқушы білім алса,48 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 6505 бүлдіршіндер тәрбиеленуде.
Ал осы жасөспірімдерге тәрбие мен білім беруде ауданымызда 2825 педагог жұмыс атқаруда.

2020 жылы 4-5 қаңтар күндері Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық олимпиадаға ауданнан 42 оқушы қатысып, 13 жүлделі орын 3 Алғыс хатпен марапатталды. Бұл үлкен жетістік.

Биылғы мектеп бітіруші түлектер саны 1154 оқушы болып отыр. Алда жоғарғы оқу орнына түсу үшін бағы сыналатын ҰБТ – ге ауданымыздан барлығы -1036 мектеп бітіруші қатысады.

Құрметті ұстаздар, ата – аналар және жас түлектер! 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы үлкен сыннан жақсы нәтиже көрсетіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспін!


Ізгі тілекпен,
Түлкібас ауданы білім бөлімінің басшысы Е.Кадырбек.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру