Санатталмаған

АУЫЛ ТАЗАЛЫҒЫ-ХАЛЫҚ АЙНАСЫ

Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұттың тапсырмасына сәйкес 27 секторға бөлінген Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының орталық көшесі толығымен тазаланып, әктеу, сырлау, шөп ору, қасбеттерді ретке келтіру жұмыстары атқарылды.

Сенбілік жұмыстарының нәтижесінде, 384 дана битум электр бағаналары, 302 дана түнгі жарықтандыру шамдары, 3 аялдама, 2254 метр қоршау, 12 дана кіші архитектуралық мүсіндер, 37 дана демалыс орындықтары сырланды.

Сонымен қатар, 8,6 шақырым жаяу жүргіншілер жолдарының шөбі орылды,
екі жарым мыңнан астам ағаш түптері әктелді, 14 шақырым арық-науалар тазартылды;
6 камаз күл-қоқыс шығарылды,  45 жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарының қасбеттері сырланып ретке келтірілді, саябақтар мен аллеялар аумағы толығымен тазартылды.

Сенбілікке үш жүзге жуық аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің қызметкерлері жұмылдырылып, жүзден астам ауыл тұрғындары ат салысты.

«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, ауданымызға жаны ашыр азаматы ретінде өз үйлеріңіздің аумағы мен қас беттерін ретке келтіруге және көшеде серуендегенде қоқысты арнайы қоқыс жәшіктеріне тастауға шақырамыз. Тазалық пен мәдениетілікті өзімізден бастайық!

Құрметпен, Түлкібас ауданының әкімдігі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру