Санатталмаған

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТТІ

AzatMedia. Түркістан облысында еліміздегі карантинге байланысты биыл алғашқы рет соңғы қоңырау ерекше форматта, яғни қашықтықтан өтті. Ұстаздар мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін жыл сайынғы үрдіс келесі оқу жылдарының еншісіне қалдырылды.

Түркістан облысы – түлектер саны ең көп аймақ. Биыл өңірімізде 24 658 бала алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады. 1541 түлек «Алтын белгіге», 1240-і «Үздік аттестатқа» үміткер.

Биылғы оқу жылында білім саласындағы жетістіктер жетерлік. 24 ұстаз ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен және 24 мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. 3 мұғалім «Жылдың үздік педагогі» номинациясы бойынша марапатталып, оларға 1 млн теңге сыйақы тарту етілді.

Айта кетерлігі, соңғы үш жылда Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Түркістан облысының мектеп түлектері еліміз бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Былтыр ҰБТ нәтижесімен республикада ең жоғары 140 балды жинаған Түркістан облысының түлегі болатын. Бүкіл әлемді дүрліктірген пандемияға байланысты білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер аясында облыс ұстаздары оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек етуде.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру