Санатталмаған

ҚОҒАМДЫҚ ҚОР ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

AzatMedia. Түркістан облысы Мақтарал ауданына «Niyet Charitable Foundation»  қорының көмегі келіп жетті. 

Мақтааралдағы топан су салдарын жоюға тұтас қоғам атсалысып жатыр. Игі істен шет қалмаған «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қоры да тұрғындарға көмек қолын созды. Аталған қор мен «Nur Otan» партиясы арасында жасалған Меморандумда қайырымдылық іс-шараларын бірлесе атқару жөнінде келісім бар. Осыған сәйкес, аталған қор өкілдері «Біз біргеміз» акциясы және «Игі істер» жобасы аясында Мақтааралға «LS WAIKIKI» брендінің киімдерін жолдады.
Нақтырақ айтсақ, 960 дана балалар киімі, 1010 дана әйелдер киімі және 890 дана ерлер киімі жеткізілді. Бұл киімдерді топан су салдарынан баспаналарынан айырылған тұрғындарға «Біргеміз, Мақтаарал» волонтерлер штабының жастары таратып берді. Сонымен бірге Мақтааралдағы қоймалардан азық-түлік те апарылды. Жаздық киімдерге ие болған тұрғындар «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қорына және «LS WAIKIKI» қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру