Санатталмаған

МАҚТААРАЛҒА 7 ТОННАҒА ЖУЫҚ АЗЫҚ КЕЛДІ

AzatMedia. Бүгін Мақтаарал ауданына Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының Талдықорған облыстық филиалы атынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Керуен жүгі Атакенттегі арнайы қоймаға орналастырылды. Алдағы уақытта тасқыннан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады.

Талдықорғандық топты бастап келген Алматы облысы ұйғыр этномәдени орталығының Талдықорған қаласындағы өкілі Нурум Ивуллаев. Керуен 7 тоннаға жуық 140 түрлі азық-түлік жиынтығын ала келген. Сондай-ақ, делегация мүшесі, ұйғыр мәдени орталығының белсендісі Фархад Сәбитов қиналған шақта отандастарды қолдау – әрбір қазақ жерін мекендеген азаматтың борышы екендігін айтты.

«Бүгін мақтааралдық ағайынға Талдықорғаннан арнайы көмек ретінде азық ала келдік. Бұл екінші рет келуіміз. Осындай шақта бір екенімізді көрсетіп, ынтымағымызды іспен паш етуіміз керек. Қазір жалпы соммасы 2 млн теңгеге жуық жүк келді. Оның ішінде 250 келі күріш, 100 келі қант және өзге де қажетті азықтар бар. Енді елімізді апат пен зіл-заладан сақтасын», – деді ол.

Керуенді күтіп алған Мақтаарал аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Сәрсекбаев Жетісу өңірінен көмегін ала келген ағайынға жергілікті халық атынан алғысын білдірді.

©Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру