Санатталмаған

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНАН ҚАЛААРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ШЫҒАРЫЛМАЙДЫ

AzatMedia. 2020 жылдың 22 мамырында карантиндік режимге қарамастан жолаушыларды жинап Түркістан қаласынан Алматы қаласына заңсыз сапарға шыққан автобусқа Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен тосқауыл қойылып, құзырлы органдармен тиісті шара көрілді. Сондықтан басқарма мамандары карантиндік режимді бұзбауға шақырады.
Айта кетерлігі, жолаушылар тасымалы қызметін жалғастырып жатқан көліктер облыс аумағынан шығарылмайды. Ол үшін Сауран және Шақпақ блок-бекеттерінде тосқауыл қойылған.
Ескеретін жайт, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес, елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантиндік режим енгізілген болатын. Бүгінде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантиндік режим күшінде қалып отыр.
Бұл ретте, Түркістан облысы аумағындағы көлік нысандарының (теміржол вокзалдары, автовокзалдар, автобекеттер т.б.) қызметтері уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар, халықаралық, республикаішілік бағыттар бойынша қоғамдық көліктер мен жолаушылар тасымалымен айналысуға тыйым салынып отыр.

©Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру