Санатталмаған

«БАДАМ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ ЖАҢА СЕРПІЛІС ЖАСАУ ҚАРСАҢЫНДА

AzatMedia. Түркістан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймақтың құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Бүгін онда жалпы инвестиция қаражаты 4,6 млрд. теңгені құрайтын 4 өндіріс орны жұмыс істеуде. Сонымен қатар, іргелес жерде аталмыш индустриалды аймақтың инфрақұрылымын пайдаланатын 4 кәсіпорын орналасқан. Олардың инвестиция соммасы 20,7 млрд. теңгені құрайды.

Алайда, қазіргі уақытта қолданыстағы инфрақұрылым қуаттылығы жұмыс істеп тұрған зауыттардың сұранысын жабу үшін жеткіліксіз. Өйткені, бастапқыда жүргізілген инфрақұрылым кәсіпорындардың мұндай жоғары сұранысына есептелмеген болатын.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен және осы «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймағының даму қарқынымен танысу мақсатында іссапармен Ордабасы ауданында болды.

Облыс әкімінің орынбасары кездесуде жауапты сала басшыларымен инфрақұрылымға қатысты мәселені шешудің ықтимал жолдарын талқылады. Мейіржан Мырзалиев инфрақұрылым қуатын, оның ішінде электр және газбен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету мен кәріз жүйелерінің қуатын 52 га дейін ұлғайту бойынша жаңа жобаны әзірлеуге тапсырма берді.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа серпіліс жасағалы отырған «Бадам» индустриалды аймағы әлеуетті инвесторлар үшін өте ыңғайлы әрі ұтымды жоба болмақ. Оның үстіне Шымкент қаласына жақын орналасқандығы да өндіріс орындарының қызметіне өте тиімді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру