Санатталмаған

ЖАЗЫЛЫП ШЫҚҚАН НАУҚАСТАРДЫҢ САНЫ 200-ДЕН АСТЫ

AzatMedia. Шымкентте соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 20 науқас жазылып, ауруханада шығарылды. Дертінен сауыққандардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар. Бұл туралы Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың ішінде екі айлық сәби бар. Дәрігерлер шақалақтан коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған. Нәтижесінде екі айлық қыз баласын емдеу кезінде асқынулар болмады дейді дәрігерлер.

Сондай-ақ медицина мамандары сәбидің анасы мен әкесінен де коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізді. Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 207 науқас дертінен айығып шықты.

#AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру