Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: АУДАН ӘКІМДЕРІ КЕҢЕС БЕРУДЕ

AzatMedia. Елде енгізілген төтенше жағдай халық пен мемлекеттік органды әлеуметтік оқшаулауға алып келді. Бұл өз кезегінде азаматтар мен мемлекеттік аппарат арасында коммуникациялық кедергілердің туындауына себеп болды.

Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен ел аумағында халыққа құқықтық кеңес беру мақсатында «Адал көмек» жобасы іске қосылды.

Аталмыш жоба Түркістан облысының аудан әкімдері тарапынан барынша қолдау тауып отыр. Аудан басшылары өңір тұрғындарын толғантқан мәселелерді шешу мақсатында әлеуметтік желілер арқылы «тікелей эфирге» шығуда.

Мысалы, бүгін Түлкібас және Шардара аудандарының әкімдері онлайн режимде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтарға қандай қолдау көрсетілетіндігі туралы айтып, көше бойындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және санитарлық тазалық бойынша қала тұрғындарының сауалдарына нақты жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Айта кетсек, алдағы уақытта «Адал көмек» жобасы аясында өңіріміздің 16 қала және аудан әкімдері мен 181 ауылдық округ әкімдері әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беретін болады.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру