Санатталмаған

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AzatMedia. Түркістан облысында Сырдария өзенінің бойы мен Көксарай су реттегіш қоймасының маңы алғаш рет шыбын-шіркейден тазартылуда. Су арналарының айналасы түгелдей дерлік дәріленіп жатыр. Арнайы мамандар зиянкестерге қарсы бактериялық препаратты суға құйып, жағалауына шашу әдісін қолданып улауда. Дәрілік заттардың ағын суға зияны жоқ. Бүгінде Сүткент елді мекенінен Байырқұм елді мекеніне дейін өзен жағалауы мен су қоймасының маңында орналасқан ауылдар мен демалыс аумақтарында ұзақтығы 30 шақырым жер залалсыздандырылды.

Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметінше, атқарылған шаралардың нәтижесінде дернәсілдердің саны 80% – ға төмендеді. Ал, Сырдария өзені мен Көксарай су реттегіш қоймасынақосылу каналының бастауы толығымен тазартылған.

Зиянкестер өзен арнасына жақын орналасқан Арыс қаласы, Отырар және Шардара аудандарының тұрғындарына жылдар бойы ыңғайсыздық тудырып келген. Соңғы 3 жылда 1102 адам денелері бөртіп медицина қызметкерлеріне шағымданған. Қанатты шыбын-шіркеймен күресті мықтап қолға алған мамандар ауыл аймақтарында зиянкестердің көзін жойып, халыққа қолайлы жағдай жасауға бел буған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру