Санатталмаған

Төлеби ауданының әкімі көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес Төлеби ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Омарбеков Қаратөбе және Тасарық ауылдық округтерінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген қаратөбелік тұрғындар орталық көшелердің жарықтануы, жол аяқ салу, полиция мен мал дәрігерінің қызметі, елді мекенді абаттандыру, табиғи газ құбырын тарту, электр бағаналарының тозуы, интернет мәселесі, Қостөбе елді мекеніндегі көпір құрылысы бойынша шағымдарын айтты.

Ал, Тасарық ауылдық округінің тұрғындары болса оқушылар тасымалы, Таш каналының қазіргі жағдайы, жол кедергісін орнату, табиғи газ мәселесі туралы өтініштерін білдірді. Аудан әкімі көтерілген мәселелерді назарға алып, талап-өтініштердің тиісті шешімін табатынын жеткізді.

Көшпелі қоғамдық қабылдаудың мақсаты шалғайдағы елді-мекендерде қабылдау ұйымдастырып, жергілікті жерлерде ел тұрғындарының мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың көкейде жүрген өтініштерін тыңдап, шешімін таппаған мәселелердің оң шешілуіне ықпал етті.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру