Санатталмаған

ШЫМКЕНТ: ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ӘЗІРГЕ АШЫЛМАЙДЫ

Шымкентте тамақтану орындары әзіргеа ашылмайды. Бұл  туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында мәлім етті.

– Кейбір әлеуметтік желілерде 18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары (асхана, кафе, ресторан, барлар) және спорт залдар ашылады деген хабарлама тарап, тіпті кейбір кәсіпкерлеріміз дайындыққа кірісіп кетіпті.

Әкімдік тарапынан әзірге ондай қаулы қабылданып, шешім шықпады.

Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысы нысандарды ретімен іске қосуға тапсырма бергенімен, қалаларда ол процесс эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүзеге асады.

Бәріміз карантиннің аяқталуын асыға күтіп, саябақ, базарларға шыққанымызға қуанғанымыздан, санитарлық талаптарды ескерусіз қалдырып жатырмыз.

Өкінішке орай, қаламызда алдыңғы күні 77 адам, кеше 60 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Сол себепті қаладағы барлық нысандарда санитарлық талаптардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар шектеулер қойылатын болады.

Барлықтарыңыздан барынша қауіпсіздік шараларын сақтап, мүмкіндігінше үйде болуларыңызды сұраймыз, – деп көпшілік мазалаған сауалға жауап берді.

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру