Ақпарат Соңғы жаңалықтар

23,2 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкентте 2022 жылы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өнімділігін арттыру үшін «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ тарапынан 23,2 млн теңгеге Шымкенттегі 3 кәсіпкерлік субьектінің өтінімі мақұлданды. Олар – «SAGGROUPITEX» ЖШС, «KARLSKRONA LC AB» ЖШС және «EKOL TEXTILE» ЖШС.Оған қоса 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды (қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістер қолданатын) іске асыруға мемлекеттік гранттар бойынша 245,9 млн теңгеге 56 кәсіпкерлік субьектінің өтінімі мақұлданды.Сондай-ақ, былтыр «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ қызметкерлері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ, «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтарындағы кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

“Шымкент келбеті”

Қатысты жаңалықтар

Шаруалар судан қысылмайды

Bastynews

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАМАЛАРДЫ АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙ ТҮСТІ

Bastynews

БҚО тұрғыны 61 жастағы анасын ұрып өлтірді

Bastynews