Санатталмаған

ҮШ БИДІ ТҮЙІСТІРГЕН, «ЖЕР-АНАҒА» БАС ИДІРГЕН «ОРДАБАСЫ» АЛАҢЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деген болатын. Шын мәнінде, халқымыздың төл тарихы тереңге тамыр тартады.

Ордабасы – қазақ халқының тарихыңда маңызы жағынан ерекше орын алатын, жоңғар басқыншыларына қарсы тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық қозғалысты бастаудың ошағы, темірқазығы. Ордабасындағы ымыралыстық жолындағы айтулы жиын мәңгі халық жадында қалады. Жан-жақтан жау анталап, тыныштық кеткен заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбіршілікпен ұйымдасқан түрде жауға қарсы батылдық таныту – тарихта қайталана бермейтін ерлік.

Осылайша берекелі ауыздан шыққан берік байламның арқасында қазақ жеңіске жетті.

Монумент Ордабасы алаңында, қазақ халқының бірлігінің негізін қалаған әйгілі билердің: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би есімдері берілген үш көшенің қиылысында орналасқан.

Жалпы, бұл алаңның һәм қанатты сөздердің ерекше мәні бар. Себебі атақты үш биіміздің көшелері осы Ордабасы алаңында түйіседі. Сондықтан да Ордабасы алаңының тарихи мән-маңызы құнды әрі орны айрықша.

Шымкент қаласындағы Ордабасы алаңына қойылған «Жер-ана» монументі 2009 жылы бой көтерген. Биіктігі тұғырымен қосқанда 25 метр. Онда Қазыбек би, Әйтеке би және Төле бидің дана сөздері мен Елбасының тілегі жазылған.
Бұл композицияның ортасында Қазақстанның тәуелсіздігі және адамның туған жерімен ажырамас байланысын білдіретін «Жер-ана» ескерткіші орналасқан. Биіктігі тұғырымен қосқанда 25 метрді құрайды.

Стеланың әр жағында орта ғасырлық кейіпкерлердің бейнелерімен нақышталып, ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Ескерткіштің авторлары – Насыр Рүстемов пен Бақытжан Әшірбаев. Ескерткіш қаламыздың кәсіпкерлерінің қолдауымен тұрғызылған болатын.

Бүгінде Ордабасы алаңындағы Жер-ана ескерткіші қаланың тарихи орталығына сән-салтанат сыйлап қана қоймай, Шымкент қаласының сәулет ансамблінде өз ерекше орнын тапты.

 

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру