Соңғы жаңалықтар

Көріпкелдің көрсеткен қорлығы

Қарағанды тұрғыны белгісіз көріпкелге 12 миллион теңгесін бере салған. Сиқырлы рәсімдердің әсерін күтпей, ол полицияға жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 желтоқсанда құқық қорғау органдарына 41 жастағы қарағандылық шағымданды. Ол әлеуметтік желілерде «тегін бал ашамын» деген жарнамаға жүгінеді. Нәтижесінде ол мистикалық амалдары үшін көріпкелге 12 млн 266 мың теңгені санап берген. Көріпкел бұл ақшаға шырақ пен салттық керек-жарақтар сатып аламын деп сендірген. Ақырында тапсырысы орындалмаған.

Алаяқтың құрбаны болғанын түсінген қарағандылық дереу полицияға жүгінді. 10 желтоқсанда тәртіп сақшылары «тегін балгерді» ұстады. Бір қызығы ол 23 жастағы жігіт болып шықты. Ол кінәсін толық мойындады.

ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қатысты жаңалықтар

САЙЛАУДАН БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Bastynews

Study Paid for by Grain Industry Says White Bread Not so Bad

Bastynews

90-жылдары Германияға көшкен неміс әжейдің қазақша батасы жұртты сүйсіндірді (видео)

Bastynews