Соңғы жаңалықтар

ДЕРБІСЕКТЕ АЛТЫ ЖҮЗДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНАТЫН БОЛАДЫ

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен қаржы бөлініп, Дербісек ауылдық округіндегі О.Мамбетов, А.Оразбаева, А.Рахметов, Н.Шоңғара, Б.Бектасов, Қ.Пралиев, Б.Тойлыбаев, О.Жандосов, Бәйтерек, Шапағат, Жаңажол, Р.Сейтімбетов, С.Садыков, №7, №8 және №9 көшелеріне сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Асем Жарық» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде. Жоба бойынша Дербісек елді мекеніне 16 дана трансформатор және 23 шақырымға 960 дана электр бағаналарын орнату жұмыстары жоспарланған.Құрылыс жұмыстары аяқталған соң Дербісек елді мекенінің алты жүзден аса тұрғындары сапалы электр жүйесін тұтынатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан кедей елдерге 500 миллион доллар көмек көрсеткен

Bastynews

Фируза Шарипова бокстан әлем чемпионы атанды

Bastynews

ОТАНҒА КӨМЕК

Bastynews