Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК КӘСІПКЕР 20 ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының азаматы, кәсіпкер Сәбит Молдабеков жаңа оқу жылы қарсаңында Борлысай ауылдық округіне қарасты Қошқарата, Кеңсай елді мекендеріндегі тұрмыс жағдайы төмен 20 отбасының балаларына арнап мектепке қажетті оқу құралдарын сыйлады, – деп хабарлайды Anyqtimes.kz.

Жерлестеріне қол ұшын созған азамат Борлысай ауылдық округінде туылған. Қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын кәсіпкер өзі туып-өскен ауыл-аймаққа игілікті іс жасап жүрген азаматтардың бірі.
Ол жыл сайын өзінің туған жері Борлысай ауылдық округіндегі тұрмысы төмен отбасыларға демеушілік жасап, көмек қолын созып, қолдау білдіріп келеді. Туған жерінен жырақта жүрсе де, жерлестерін ұмытпай, әрдайым демеушілік жасап, Борлысай ауылдық округінің дамуына өз үлесін қосып отырған азамат Сәбит Молдабековке жерлестерінің алғысы шексіз.

Қатысты жаңалықтар

Оралда әскери сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

Bastynews

«Бұл жағдай туралы айтудан ұялдым» – Роза Рымбаева неден қысылып жүр?

Bastynews

Real Estate News | High Home Prices Cause House Flippers To Pull Back

Bastynews