Соңғы жаңалықтар Спорт

Токио Олимпиадасы: Баландин финалға шыға алмады

Токио Олимпиадасында қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта брасспен жүзуден финалға шыға алмады, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жартылай финалдық бәсекелер кезінде Баландин 200 метрді 2 минут 09.22 секундта жүзіп, 16 спортшының арасында 11-ші орынға ие болды. Ал Олимпиада ережесіне сәйкес, финалға үздік көрсеткішке ие болған 8 жүзуші ғана шыға алады.

Айта кетері, іріктеу кезінде Баландин 200 метрді 2 минут 8 секундта жүзіп өткен. Ал 2016 жылы Рио Олимпиадасында дәл осы қашықтықта алтын медальді жеңіп алған болатын.

Қыздар арасындағы жарыстарда Қазақстанның намысын Диана Назарова қорғайды. Бұдан бөлек, ашық суда жүзуден Виталий Худяков өнер көрсетеді. Оның лицензиясын кеш рәсімдеп берген.

Қатысты жаңалықтар

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Bastynews

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ

Bastynews

Премьер-министр өзекті мәселелер туралы баяндады

Bastynews