Соңғы жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанындағы қалалық ақпараттық – ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков және «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар Орталық кеден зертханасының кедендік сараптама бөлімінің ұжымымен жиын өткізді.


Кездесудің негізгі мақсаты – парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дәріптеу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Қатысушыларға парасаттылық – ашық әрі адал қоғамды қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет екені жеткізіліп, атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы әлеуметтік кеселдің алдын алу – бүгінгі күннің басты талабы екенін атап өтті.

Шарада жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар мен бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу барысы баяндалды.

Жиын қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.

Қатысты жаңалықтар

Әлемде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін

Bastynews

ПОВРЕЖДЕННЫЕ СИЛЬНЫМ ВЕТРОМ ЗДАНИЯ ВОССТАНАВЛИВАЮТСЯ

Bastynews

«Түркия қауіптерден қорықпайды». Ердоған АҚШ-қа жауап берді

Bastynews