Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ МИЛЛИОН ШАРШЫ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ ДЕП ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласында биыл миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі. «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «anyqtimes.kz». Әкімнің айтуынша, үш жыл бұрын қалада 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізу жоспарлануда.

«Қазіргі таңда қалада жеке салушылар есебінен 8 639 пәтерлі 178, бюджет есебінен 5 912 пәтерлі 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Шымкент қаласында тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 70,9 пайызға артқан. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 976 отбасын арендалық пәтермен қамту жоспарланып, бүгінде құрылыс басқармасы тарапынан 696 пәтер пайдалануға тапсырылды. Жыл соңына дейін 368 отбасы жалдамалы баспанаға қол жеткізеді. Бұдан бөлек жыл басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының несиелік бағыттары бойынша 1 300-ге жуық азамат баспана иеленді. Оның 286-сы тұрғын үй кезегінде тіркелгендер»,-деп атап өткен әкім өз сұхбатында.

Айта кетейік, Шымкент қаласында қазіргі таңда 44 850 азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанға түбі АҚШ пен Қытайдың бірін таңдауға тура келеді

Bastynews

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ФОРМАТЫНДА БАСТАЛАДЫ

Bastynews

Бөксесін үлкейтпек болған ару қайтыс болды

Bastynews