Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Мұндағы мақсат – тасқын су шайып кеткен елдемекендерде жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және инфекциялық індеттердің алдын алу. Сондықтан залалсыздандыру жұмыстары алдымен әжетханаларды дәрілеуден басталды. Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдан Ахметов мәлімдеді.

«Қазіргі таңда судың деңгейі түскен ауылдардағы аулалық әжетханаларында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әзірге Фердауси және Өргебас елдімекендерінде профилактикалық шараларды қолға алдық. Алдағы уақытта су деңгейі түскен басқа да ауылдарда дезинфекциялау жұмыстары жалғасатын болады. Дезинфекциялау жұмыстары мұнымен шектелмейді.

Сондай-ақ, елдімекендердгеі су ұңғымалары мен ауыз су құбырлары да тиісті әдістермен тазартылады. Соңында ауыз суға сараптамалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, тексерілетін болады», – дейді А.Ахметов.
Айта кетейік, жалпы дәрілеу жұмыстарына «Шымкент дезинфекция» мекемесінің арнайы 6 маманы жұмылдырылған.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру