Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖАС ПРОГРАММИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкенттік жастар робототехника курсын меңгеріп, ерекше роботтар құрастыруда. Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «RОBO TEX – 2021» шарасы өз мәресіне жетті. Шаһардағы IT саласына қызығушылығы баржоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларының басын бір арнаға қосқан жоба сәтті аяқталды. Робототехника технологиясында оқыту жобасы аясында қатысушы жастар курс әртүрлі есептерді шығару арқылы роботтардың үлгілерін әзірлеген.Нәтижесінде, робототехника курсына қатысқан 54 жастың ішінде, өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырып, жүлделі орындарға ие болғандар марапат төрінен көрінді. Жас бағдарламашыларды жобаны сәтті аяқтауымен құттықтаған Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Ерлан Әлжанов оларға сәттілік тілеп, дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.Білім беру ұйымдарында IT инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн курстардың желілері мен платформаларын дамыту, цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған жоба бір айға созылған. Онда үш топта сабақтар жүргізілген. Алдағы уақытта тың жобаларды жүзеге асыратын боламыз, дейді ұйымдастырушылар.

А. ЖӘДІГЕРҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

БИБЛИОТЕКАРИ ШЫМКЕНТА СТАЛИ ПРИЗЕРАМИ РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА

Bastynews

ШЫМКЕНТ: «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 9 АЙДА 20 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Bastynews

В МАЕ МЕСЯЦЕ 146 СЕМЕЙ ПОЛУЧАТ АРЕНДНОЕ ЖИЛЬЕ

Bastynews