Санатталмаған

СУ ДЕҢГЕЙІ ЕКІ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ТӨМЕНДЕДІ

Мақтаарал ауданындағы су деңгейі орта есеппен 175 см-ге төмендеді. Өргебаста үш тәулік ішінде су 1 м. 67 см-ге, Фирдоусиде – 1 м. 55 см-ге төмендеген. Бұл туралы «Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнының Мемлекеттік техникалық қызметі департаментінің бастығы Денис Коновалов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

Су сору үшін «Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнының техникалары жұмылдырылған. Түркістан облысы ТЖД мен Қазақстанның өзге аймақтарынан да мобильді топтар тартылды.
Қазіргі таңда аталған ауылдарда қызу жұмыс жүріп, нәтижесінде су деңгейі орта есеппен 175 см-ге азайды.
Мақтаарал ауданының елді мекендерін құрғату жұмыстары Қазақстан ІІМ, «Қазсушар» РМК және Өзбекстан ТЖМ қызметкерлері мен арнайы техникаларымен жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, Жетісай ауданы, Қоғалы ауылының жанындағы автомобиль жолының бойында нығайту жұмыстары жүргізілді.
Нұрлыжол, Фирдоуси, Оргебас, Ырысты, Жантақсай елді мекендерінің аумағында 85982 қап төселіп, ұзындығы 22 шқ. құрайтын құм салынған уақытша бөгеттер салынды. 80 бірлік техника жұмылдырылды. 3 коллектор салынды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1635 адам, 297 бірлік техника, 17 қайық, 217 мотопомпа жұмылдырылды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру