Санатталмаған

ЕГІН-МАЛ ШЫҒЫНДАРЫ ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ

Мақтаарал ауданында жалпы көлемі – 7639 гектар ауыл шаруашылығы жерлері зақымданған. Ал мал шығыны 297-ні құрады. Барлық шығындар есептеліп, Үкіметке ұсынылды. Алдағы уақытта өтемақы жасалатын болады.

 Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте облыстық Ауышл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

«Ауданда 11 елдімекеннің егістіктері зақымданған. Жалпы 1 мыңнан астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілер тізімі жасақталды. Біз 7639 гектар егістіктің шығынын 4 млрд 1 млн теңге көлемінде есептеп, Үкіметке ұсындық. Комиссия шешімі бойынша әр дақыл түріне орай өтемақы жасалады. Ал ветеринариялық жағдай бойынша 297 мал зардап шеккен: 58 бас сиыр, 227 қой-ешкі, 16 жылқы, 2 түйе және 227 үй құстары суға аққан. Барлығын жою жұмыстары жүріп жатыр. Мал шығынын өтеу үшін нарықтағы баға бойынша 32 млн теңге шығынды есептеп, Үкіметке ұсынып отырмыз», – деді басқарма басшысы.

Басқарма мамандары өлген әр малдың фотосын түсіріп, актісін дайындауда. Мал мен егіннің өтемақылары төтенше жағдайға байланысты ашылатын азаматтардың жеке шоттарына аударылады. Қосымша шот ашудың қажеті жоқ. Су тартылғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы мамандар келіп, жердің құрамын, зақымданған күйін тексереді.

 #AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру