Санатталмаған

РОМАН СКЛЯР МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА БАРДЫ

 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр су басқан ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін жеткізді, деп жазады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

«Қазақстан Президенті Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде-бір тұрғыны көмексіз қалмайтынын айтты. Сол себепті, сіздерге тек түсініктік танытуды сұраймын. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды», — деді Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр.

Орын алған жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен құрамында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бар жұмыс тобы Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Комиссия шығынды шұғыл түрде есептеу жұмыстарын жүргізеді. Ең алдымен тұрғын үйлер қалпына келтіріледі. Сонымен қатар инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым ретке келтіріледі.

Комиссия арнайы техника әкелген Өзбекстан мемлекетінің өкілдерімен де кездесті. Су астында қалған ауылдарды тазалауға көрші елден көмекке келген 50-ге жуық техника жұмылдырылды.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

Creative Boost акселерациялық бағдарламасының воркшоптар сериясы аяқталды!

qaz7news

«МЕНІҢ ШУАҚТЫ ҚАЛАМ!» СУРЕТ САЛУДАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

qaz7news

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

qaz7news

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ЕЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

qaz7news

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАНДАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ БЕРІЛДІ

qaz7news

ҒАПЫЛДЫҚ ПЕН МАСЫЛДЫҚ

Bastynews

Мұқтаждық па, масылдық па?

Bastynews

Онлайн қайыршылар қаптады

Bastynews

Tik-tok-тағы табыс немесе заманауи қайыршылар

Bastynews

Қимылдаған құр қалмайды

Bastynews

Пікір қалдыру